Thumb

🫀 30–31 қазан күндері Астана қаласында Орталық Азия Аритмология саммиті өтті.

🫀 30–31 қазан күндері Астана қаласында Орталық Азия Аритмология саммиті өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Еуропалық жүрек ырғағы қауымдастығы (EHRA), Дүниежүзілік аритмия қоғамы (WAS), Қазақ аритмологтар қоғамы, Жібек жолы жүрек ырғағы қоғамы, Астана медицина университеті, және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Саммит жүрек ырғағы бұзылыстарын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін талқылауға арналған халықаралық ғылыми алаң болды. Оған Орталық Азия елдерінен және алыс-жақын шетелдерден жетекші аритмологтар, кардиологтар мен интервенциялық мамандар қатысты.

Бағдарлама аясында аритмология саласындағы инновациялық технологиялар, жаңа клиникалық зерттеулер мен тәжірибелік нәтижелер ұсынылды.
Шымкент жүрек орталығының мамандары да саммит жұмысына белсене қатысып, тәжірибе алмасып, жүрек ырғағын қалпына келтіру саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

#ШымкентЖүрекОрталығы #ОрталықАзияАритмологияСаммиті #Аритмология #Кардиология #МедицинаДамуы #Astana2025 #HealthcareKZ #EHRA #WAS #SilkRoadHeartRhythmSociety #АстанаМедицинаУниверситеті #ҰШМҮО

Подробнее