Шымкент Жүрек орталығы — бұл жоғары деңгейде кардиология және кардиохирургия саласында көмек көрсететін жетекші мамандандырылған медициналық мекеме. 2000 жылдан бастап біз шағын кардиология бөлімінен заманауи технологиялармен жабдықталған, жоғары білікті мамандармен жасақталған қазіргі заманғы медициналық орталыққа дейінгі жолдан өттік. Біздің тәжірибеміз, инновациялық емдеу әдістеріміз және халықаралық сапа стандарттары пациенттерге денсаулық пен ұзақ өмір сүруді қамтамасыз ете отырып, заманауи талаптарға сай көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Біздің миссиямыз
Біз әрбір пациенттің жүрек саулығына ұмтыламыз, заманауи технологияларға, жоғары медициналық стандарттарға және жеке көзқарасқа негізделген кәсіби кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсетеміз.
Орталықтың құрылымы
Бүгінде Орталықта келесі құрылымдар жұмыс істейді:
10 бөлімше, кардиология және кардиохирургия саласында толыққанды көмек көрсетеді.
15 департамент, экономика, шаруашылық, құқық, фармация, маркетинг, эпидемиология және стратегия салаларын, сондай-ақ стандарттар мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қамтиды.
Аудит қызметі және мейірбике ісі қызметі медициналық көмектің сапасын бақылап, кәсіби стандарттарды қолдайды және жетілдіреді.
Шымкент Жүрек орталығы өсуін жалғастыруда, диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін енгізіп, медициналық тәжірибені жетілдіруде және пациенттерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыруда.
Қысқаша тарихы мен дамуы
2000 жылы негізі қаланған біздің Орталық Оңтүстік Қазақстан облысындағы алғашқы кардиологиялық мекеме болды. Ашылған сәттен бастап біз миокард некрозының биомаркерлерін анықтау, эхокардиография, холтерлік мониторинг және ангиография сынды озық диагностика және емдеу әдістерін енгіздік. Алғашқы кардиологтардың қажырлы еңбегі мен билік тарапынан қолдау арқасында Орталық өңірдің жетекші институтына айналды.
2007 жыл — маңызды кезең: біз Қазақстандағы жедел коронарлық синдром бойынша Еуропалық тіркеуге енген алғашқы мекеме болдық, бұл біздің диагностика мен емдеудің халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады.
2009 жылы біз елімізде алғаш рет тәулік бойы коронарлық араласу (миокард инфарктісінде коронарлық артерияларды стенттеу) жүргізуді бастадық.
Жетістіктеріміз
Көпжылдық еңбегіміздің нәтижесінде біз келесі жетістіктерге қол жеткіздік:
103 900-ден астам пациент ем қабылдады.
6 730 ашық жүрекке операция жасалды.
3 500 аортокоронарлық шунттау орындалды.
66 ЭКМО (мембраналық оксигенация) жасалды.
16 LVAD құрылғысы (сол жақ қарыншаның механикалық қолдауы) орнатылды.
2 жүрек трансплантациясы сәтті өтті.
2023 жылғы 5 шілде Шымкент Жүрек орталығы үшін тарихи күн болды — оңтүстік өңірде алғаш рет жүрек трансплантациясы сәтті өтті. Операция Орталық мамандары мен Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың академик Ю. В. Пя жетекшілігімен бірлескен күшімен жүзеге асырылды.
Инновациялық технологиялар және әлемдік деңгейдегі медицина
Біз әрқашан жаңа технологияларды енгізуге тырысамыз және пациенттерімізге заманауи емдеу әдістерін ұсынамыз:
TAVI – аорталық клапанды транскатетерлік имплантация.
Туа біткен жүрек ақауларында окклюдер орнату.
Carto-3 навигация жүйесімен күрделі аритмияларға радиожиілік абляция.
Жүрекше фибрилляциясында өкпе веналарының криоизоляциясы.
Минималды инвазивті жүрек операциялары.
Жоғары білікті мамандар
Біздің Орталықта жетекші әлемдік клиникаларда тағылымдамадан өткен жоғары санатты дәрігерлер қызмет етеді. Кардиологтар, кардиохирургтар, реаниматологтар және анестезиологтардан тұратын команда күн сайын пациенттердің өмірі үшін күресіп, ең озық әдістерді қолданады.
Халықаралық ынтымақтастық
Біз Еуропа мен ТМД-ның жетекші медициналық мекемелерімен тығыз байланыстамыз, конференциялар мен шеберлік сабақтарын өткіземіз, үздік кардиологтар және кардиохирургтармен тәжірибе алмасамыз. Озық тәжірибе мен технологияларды енгізу бізге әлемдік стандарттарға сай көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Таңдау айқын!
Шымкент Жүрек орталығы — бұл жоғары білікті мамандардың, заманауи технологиялардың және сапаға деген жауапкершіліктің үйлесімі. Біз күн сайын пациенттердің өмірін сақтау және өмір сапасын жақсарту үшін жұмыс істейміз.
Сіздің денсаулығыңыз — біздің басты басымдығымыз!