Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Медицина ғылымдарының кандидаты. Денсаулық сақтау саласында және медициналық мемлекеттік басқаруда 25 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Білімі:
- С. Д. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институты («Емдеу ісі» мамандығы)
- Қазақстан Халықтар достығы университеті («Экономика» мамандығы)
Еңбек жолы:
- 1997 ж. — Еңбек жолын Шымкент қаласындағы Амбулаториялық хирургия, травматология және гинекология орталығында хирург болып бастаған
- 1999–2014 жж. — Түрлі медициналық мекемелерде басшылық лауазымдарды атқарды
- 2014–2016 жж. — Оңтүстік Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары (бұрын Сайрам аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері)
- 2016–2023 жж. — Шымкент қаласының денсаулық сақтау ұйымдарында жауапты басқарушылық қызметтерді атқарды
- 2023 ж. — 2 қазанынан бастап — Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «№1 қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері
- Қазіргі уақытта — Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы