Thumb

ШЫМКЕНТТЕ ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҚР ҰҒА ПЕРСПЕКТИВАЛЫ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

🏥 ШЫМКЕНТТЕ ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҚР ҰҒА ПЕРСПЕКТИВАЛЫ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

⚜️ ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының бастамасымен «Шымкент жүрек орталығы» базасында Перспективалы кардиологиялық зерттеулер орталығының ашылуы болды. Бұл – Қазақстандағы медициналық ғылымды дамыту мен өңірдің ғылыми әлеуетін арттырудағы маңызды қадам. Орталық ҚР Президентінің жанындағы ҰҒА академигі, көрнекті ғалым және кардиохирург Юрий Владимирович Пя бастамасымен ашылды. Академия бастамасымен ашылған өңірдегі алғашқы орталық болып саналатын бұл мекеме медицина, экология, урбанистика, психология және цифрлық технологияларды біріктіретін пәнаралық ғылыми тәсілді енгізуді мақсат етеді.
▫️ Ауаның ластануы, температуралық өзгерістер, шу әсері мен созылмалы күйзеліс сынды заманауи сын-қатерлер жүрек-қан тамыр жүйесіне айтарлықтай ықпал етеді. Осы факторларды ескере отырып, Орталық дәстүрлі емдеу моделінен алдын алу мен болжам жасауға негізделген медицинаға көшуге талпынады. Оның басты мақсаты – ауру белгілері пайда болмай тұрып алдын алу.
▫️Перспективалы кардиологиялық зерттеулер орталығы - жүрек-қан тамыр ауруларын алдын алу, диагностика және емдеудің жаңа әдістерін әзірлеуге арналған зияткерлік алаңға айналады. Сонымен қатар ол Қазақстанның цифрлық денсаулық сақтау және орнықты қалалық даму мәселелері бойынша жаһандық қоғамдастыққа ықпалдасуына жол ашады.

Толығырақ