
ИННОВАЦИЯЛАР, ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ — КАРДИОХИРУРГИЯНЫҢ БОЛАШАҒЫ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА
🏙️ ШЫМКЕНТТЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КАРДИОХИРУРГТАР КОНГРЕССІ: «ИННОВАЦИЯЛАР, ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ — КАРДИОХИРУРГИЯНЫҢ БОЛАШАҒЫ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА»
📍Шымкент, 12.09.2025. Шымкент жүрек орталығының 25 жылдығына орай «Инновациялар, технологиялар және әлемдік тәжірибе - кардиохирургия болашағы өз қолымызда» атты Халықаралық кардиохирургтар конгресі өтті. Іс-шара Қазақстанның, ТМД елдерінің және алыс шетелдің жетекші мамандарын біріктіріп, тәжірибе алмасу, заманауи технологияларды талқылау және кардиохирургия саласындағы өзекті үрдістерді қарастыру үшін маңызды алаңға айналды.
⚜️ ҚР Ұлттық ғылым академиясының Президенті А.Күрішбаев конгресстің ашылуында сөйлеген сөзінде: «Бұл тек ғылыми кездесу ғана емес – бұл медицинаның болашағы қалыптасатын алаң. Мұнда білім, тәжірибе және технологиялар ең биік мақсат – адам өмірін сақтау жолында тоғысады.
✅ Бұл конгрестің ерекше мәні – оның Шымкент қаласында өтуінде. Қазақстандағы ең халқы көп шаһарлардың бірі болып табылатын бұл қалада 1,2 миллионнан астам тұрғын бар. Өкінішке қарай, дәл осы жерде жүрек-қан тамыр ауруларының алаңдатарлық өсу динамикасы байқалады: әр 10 000 тұрғынға 320-дан астам жағдай, жыл сайын 5–7% өсіп отыр. Әсіресе еңбекке қабілетті жастағы халықтың жастар арасындағы көрсеткіштің артуы ерекше алаңдатады. Бұл жай ғана статистика емес – жүйелі әрі кешенді жауапты талап ететін маңызды сын-қатер».
🔹 Конгресс аясында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Шымкент жүрек орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім аймақтағы ғылыми өзара іс-қимылды нығайтуға және кардиологиялық зерттеулерді дамытуға бағытталған.
Шымкентте өткен Халықаралық кардиохирургтар конгресі Қазақстандағы медициналық ғылымды дамытуға, өңірдің ғылыми әлеуетін арттыруға және халыққа көрсетілетін кардиологиялық көмектің сапасын жақсартуға серпін беретін маңызды оқиға болды.