
Ғылым әлемінен керемет жаңалықтар!
Ғылым әлемінен керемет жаңалықтар!
Біздің әріптесіміз, PhD Ауанасова Ақерке Төребекқызы JCR 2025 (Жапония) беделді «Travel Support Grant» жеңіп алып, Жапонияның Фукуока қаласында JCR 69-шы жыл сайынғы Бас Ассамблеяда және ғылыми кездесуде «Шымкент жүрек орталығы» КЕАҚ абыроймен таныстырды.
🌏 Бұл іс-шара Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ревматология саласындағы ең ірі іс-шаралардың бірі болып табылады, және де бүкіл әлемнің жетекші сарапшыларын біріктіреді.
Сондай-ақ Ақерке Төребекқызы JCR 2025-те ғылыми баяндама ұсынған Орталық Азиядан келген жалғыз спикер болды.
👏 Әріптесімізді осы жарқын жетістігімен құттықтаймыз және ғылыми жаңалықтар мен халықаралық тану жолында одан әрі табыстар тілейміз!