
🫀 Мифы и правда о кардиологии
🫀 Кардиологиядағы мифтер мен шындық
Миф 1: «Жүрек ауруы тек қарт адамдарда болады»
Шындық: Жүрек-қан тамыр аурулары жастарда да кездеседі. Тұқым қуалаушылық, дұрыс тамақтанбау, стресс, қозғалыс аздығы – жас кезден-ақ қауіп төндіреді.
Миф 2: «Егер кеудем ауырмаса, жүрегім сау»
Шындық: Жүрек ауруларының барлығы бірдей ауырсынумен жүрмейді. Кейде ентігу, шаршағыштық, ісіну, артық терлеу – жасырын белгілер болуы мүмкін.
Миф 3: «Қымбат витаминдер жүрек ауруының алдын алады»
Шындық: Витаминдер тек қосымша көмекші. Жүректі қорғаудың ең бастысы – дұрыс өмір салты: теңгерімді тамақтану, спорт, зиянды әдеттерден бас тарту.
Миф 4: «Жүрекке ЭКГ жасаса жеткілікті»
Шындық: ЭКГ – тек бір сәттегі жүрек жұмысын көрсетеді. Толық диагностика үшін УЗИ, холтер, қан талдауы сияқты зерттеулер де қажет.
Миф 5: «Қан қысымын анда-санда өлшесем болады»
Шындық: Гипертония «үнсіз өлтіруші». Оны тек тұрақты бақылау арқылы ғана анықтауға және басқаруға болады.
Толығырақ
_______________________________________
🫀 Мифы и правда о кардиологии
Миф 1: «Сердечные болезни бывают только у пожилых»
Правда: Сердечно-сосудистые заболевания встречаются и у молодых. Наследственность, неправильное питание, стресс, малоподвижный образ жизни – всё это повышает риск с раннего возраста.
Подробнее