
Лауланбеков Данияр Еликбайулы 13.12.1983ж.т. 2001-2007ж аралғында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясын «Емдеу ісі» мамандығын бітірген, аталған оқу орнында 2008ж «Терапия» мамандығы интернатурасын тәмәмдаған.
2008жылы Семей Мемлекеттік медицина академиясының Павлодар каласындағы филиалында кардиология және функционалды диагностика мамандығын қайта даярлықтан өткен.
2011жылы Алматы қаласындағы С.Д. Асфендияров атындағы КазММУ орталығында Анестезиология және реанимация кафедрасында реаниматолог, анестезиолог мамандығын қайта даярлықтан өткен.
2015жылы Астана қаласындағы Онкология және трансплантология орталығында интервенционды ангиохирургия мамандығы бойынша оқу курсын аяқтап, маман сертификатын иемденген.
Жұмыс жолын 2008жылдан бастап «Шымкент Жүрек орталығында» реанимация және қарқынды терапия бөлімінде реаниматолог дәрігері болып жұмыс жасайды, осы бөлімде 2023жылдың тамыз айынан бастап бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарады.
«Реанимация және қарқынды терапия» бөлімі тәулік бойы жүрек қан тамыр жүйесі сыр берген науқастарға сапалы кардиореанимациялық, интервенциялық шұғыл көмек көрсету және әлемдік стандарттаға сай емдеуге дайын. Бөлімшеде 25 мейіргер, 12 дәрігер жұмыс жасайды, мамандар білім жетілдіру курстарын жетік меңгерген. Сонымен қатар бөлімшеде әлемнің жетекші өндіруші фирмалардың құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілген.