Thumb

Наурыз – бұл бірлік, бейбітшілік, мейірімділік және бақыт мерекесі

Наурыз мерекесі қарсаңында “Шымкент жүрек орталығы” клиникалық фармацияны іске қосты. Бұл медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшесі,дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлімге келіп түскен сәттен бастап, пациенттің жеке пайдалануына дейін тиісінше басқаруға жауап береді. Дәрілік заттарды орталықтандырылған дайындау және орау өндірістік үй-жайларда (таза) асептикалық жағдайларды сақтай отырып жүргізіледі.Бұл дайын өнімге осы технологиялық процесс кезеңінде микроорганизмдердің немесе механикалық бөлшектердің түсуін болдырмайды, сондай-ақ дәрігердің тағайындауы бойынша пациенттер пайдаланатын дәрілік заттардың дербестендірілген есебін жүргізу; дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімдерін бақылау; дәрілік заттарды орталықтандырылған түрде сұйылту, таблеткаларды бөлу, шәрбаттарды құю; дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және жою ережелерін сақтау.

Сонымен қатар жасанды интеллект негізіндегі бірегей кескін қалыптастыру тізбегі бар жаңа ангиографиялық жүйені іске қостық. llia IGS 5 аппараты, ASSIST пакеттерін пайдалану арқасында операцияның техникалық табысы артады, контрастты заттың көлемі азаяды, сондай-ақ пациентке дозалық жүктеме азаяды - мұның бәрі емдеудің ұзақ мерзімді нәтижелерін жақсартуға және пациенттің қайтадан ауруханаға жатқызылу қаупін азайтуға әкеледі және Қазақстан бойынша бізде ғана орнатылған алғашқы қондырғы.

Наурыз – бұл бірлік, бейбітшілік, мейірімділік және бақыт мерекесі. Баршаңызға, қымбатты отандастар, достық, келісім, ынтымақ тілейміз. Бұл жарқын мереке барша халыққа молшылық пен тыныштық әкелсін. Осы айтулы күні бәрімізге сәттілік пен бейбітшілік серік болсын!