Thumb

Орта медициналық персоналға арналған оқыту тренингі

31 наурыз – 1 сәуір аралығында «Шымкент жүрек орталығы» КЕАҚ базасында орта медициналық персоналға арналған пациенттерді репозициялау тұжырымдамасын енгізу бойынша оқыту тренингі өткізілді. Медициналық персоналдың құзыреттілігін арттыру және пациенттерге күтім жасаудың заманауи әдістерін енгізуді қолдау Орталықтағы білім беруді дамытудың басты мақсаты болып табылады. Бұл тренинг пайдалы және өзекті болып табылады, қозғалысы шектеулі пациенттермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етеді.