
Поздравляем нашего коллегу с успешным участием и желаем дальнейших достижений!
Ғылым әлеміндегі жаңалықтар!
АҚШ-тың Калифорния штатында өткен халықаралық аритмология конференциясына интервенциялық аритмология және ЭФИ бөлімшесінің меңгерушісі Даурен Кенжебаевич Кенжебаев қатысып қайтты.
Осы беделді іс-шарада Даурен Кенжебаевич өз постерлік баяндамасын сәтті таныстырып, аритмология саласындағы жоғары кәсіби деңгейін және ғылыми үлесін көрсетті.
Әріптесімізді табысты қатысуымен құттықтаймыз және кәсіби қызметінде жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!
Конференцияны ұйымдастырушыларға және жетекші мамандарға ерекше алғысымызды білдіреміз, олардың ішінде:
Грегори К. Фелд — медицина докторы, медицина профессоры, электрофизиология маманы, Сан-Диего Калифорния университетінің медициналық мектебінің клиникалық жүрек электрофизиологиясы бағдарламасының (CCEP) директоры.
📍 Мекен-жайы: 9452 Medical Center Dr, MC 7411, Ла-Хойя, Калифорния 92037, АҚШ.