
5 мамыр – Дүниежүзілік қол гигиенасы күні
«5 мамыр – Дүниежүзілік қол гигиенасы күні. Бұл күн халықтың қол жуу денсаулыққа оң әсер ететіні туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған. ДДСҰ мәліметінше, қарапайым қол жуу 5 жасқа дейінгі балалар мен ересек адамдардың ішек және тыныс алу жолдарының ауруларынан өлім-жітім жағдайларының ең көп санын болдырмайды. «Шымкент Жүрек Орталығы» Дүниежүзілік қол гигиенасы күнін атап өтті және «Қол гигиенасының бес сәті» тұжырымдамасын ұстанады.»