
12 Мамыр. Халықаралық медбикелер күні 👩🏻⚕️
Жыл сайын 12 мамырда бүкіл әлемде мейірбике күні аталып өтеді. Мейірбикелердің ұзақ жылдар бойы жинаған сол баға жетпес еңбегі мен тәжірибесі бекер емес, науқастарды түрлі дерттен сауықтыруға қызмет етуде.Бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесіндегі мейірбикелер мен ағалардың рөлі күн сайын арта түсуде.Әрқайсыңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Күнделікті қиын жұмыстарыңыз үшін, біліміңіз, шыдамдылығыңыз, мейірімділігіңіз бен денсаулығымызға деген қамқорлығыңыз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.