
электрофизиологиялық зерттеу және радиожиілікті абляция жасау бойынша шеберлік тәжірибе алмасу өтті
2025 жылдың 13-14 мамырында “Шымкент жүрек орталығында” Columbus 3D навигациялық жүйесін қолдана отырып, күрделі аритмияларды электрофизиологиялық зерттеу және радиожиілікті абляция жасау бойынша шеберлік тәжірибе алмасу өтті. Дәріскерлер осы тақырып бойынша дәріс оқыды, күрделі ырғақ бұзылыстары бар пациенттерге бірқатар оталар жасалды.