
II Курултае кардиологов тюркских государств и XVII Конгрессе кардиологов РК
Шымкент жүрек Орталығының мамандары Түркі мемлекеттері кардиологтарының ІІ Құрылтайы мен Халықаралық деңгейдегі қатынаспен өтетін Қазақстан Республикасының XVII кардиологтар конгресіне қатысуда. Іс-шара Түркістан қаласында өтуде.
Бұл – жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу саласындағы жаңалықтар мен жетістіктерді талқылау үшін әлемнің әр түкпірінен келген жетекші кардиологтар, ғалымдар мен мамандарды біріктірген ауқымды алаң.
Мұндай шараларға қатысу – мамандарымыздың кәсіби дамуына, халықаралық байланыстарды кеңейтуге және орталықтың тәжірибесіне озық тәсілдерді енгізуге үлкен мүмкіндік береді.
________________________________________________
Сотрудники Центра сердца Шымкент принимают участие в II Курултае кардиологов тюркских государств и XVII Конгрессе кардиологов РК, который проходит в г. Туркестан.
Это масштабная площадка, объединившая ведущих кардиологов, ученых и специалистов из разных стран для обсуждения современных достижений в области диагностики, лечения и профилактики сердечно-сосудистых заболеваний.
Участие в подобных мероприятиях способствует профессиональному росту наших специалистов, расширению международных связей и внедрению передовых подходов в практическую деятельность центра.