Thumb

в Центре сердца Шымкента провели высокотехнологичную операцию по пересадке сердца

2025 жылғы 24 маусым күні @darkhansuigenbaev бастаған Шымкент жүрек Орталығы медициналық командасы, @umc.clinics қолдауымен жүрек трансплантациясы бойынша жоғары технологиялық ота сәтті жүзеге асырылды.

Донорлық жүрек Тараз қаласынан жедел түрде жеткізілді. Реципиент – 41 жастағы әйел, педагог мамандығы бойынша еңбек етеді. Ол 2012 жылдан бері жүрек жеткіліксіздігінің ауыр түрімен ауырып келген.

Донорлық органды алу, оны тасымалдау және жүректі ауыстыру отасы барлық медициналық және этикалық талаптарға толықтай сай жүргізілді. Шымкент жүрек Орталығының мамандары, Тараз қаласындағы әріптестер, ЮМС командасы және тартылған барлық қызметтердің үйлесімді, кәсіби әрекетінің нәтижесінде ота сәтті аяқталды.

Бұл оқиға Қазақстанда трансплантология саласының дамуы жолындағы маңызды кезең болып, өңірлер арасындағы тиімді ынтымақтастықтың үлгісі ретінде танылды.

Шын жүректен алғыс білдіреміз:
• Шымкент қаласы әкімдігіне және Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасына — донорлық жүректі тасымалдау процесін ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы үшін;
• Шымкент, Тараз қалалары мен Түркістан облысы полиция департаменттеріне — донорлық жүректің қауіпсіз әрі уақытылы жеткізілуін қамтамасыз еткені үшін;
• Республикалық санитарлық авиация қызметіне және жедел медициналық жәрдем қызметіне — арнайы медициналық көлік пен кәсіби алып жүруді ұйымдастырғаны үшін.

Аталған трансплантация нәтижесінде төрт баланың анасы — өмір үшін күрескен әйелге жаңа үміт, жаңа өмір сыйланды. Ол енді өзінің отбасына және сүйікті мамандығына қайта оралуға мүмкіндік алды.
______________________________________________
24 июня 2025 года в Центре сердца Шымкента под руководством @darkhansuigenbaev при поддержке UMC успешно проведена высокотехнологичная операция по трансплантации сердца.

Донорское сердце экстренно доставили из Тараза. Реципиент — 41-летняя женщина, педагог, страдавшая тяжёлой формой сердечной недостаточности с 2012 года.

Забор, транспортировка и пересадка органа были проведены с соблюдением всех медицинских и этических стандартов.

Подробнее