«Шымкент жүрек орталығы» КеАҚ-тың 2026–2030 жылдарға арналған стратегиялық мақсаттары мен міндеттері:
1-мақсат. Жоғары технологиялық шешімдер мен халықаралық медициналық кеңістікке интеграциялану негізінде кардиологиялық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің әлемдік стандарттарын қамтамасыз ету (JCI).
Міндеттер:
1.1. Аз инвазивті және гибридті араласуларды, сондай-ақ жасанды интеллект негізіндегі клиникалық шешімдер қабылдауды қолдау жүйелерін қоса алғанда, инновациялық медициналық технологияларды енгізу және қолдану ауқымын кеңейту.
1.2. JCI аккредиттеуінің халықаралық талаптарына сәйкес сапа мен пациенттердің қауіпсіздігін басқару жүйесін институционалдандыру.
1.3. Кеңейтілген практикаға, пәнаралық өзара іс-қимылға және халықаралық күтім стандарттарына көшу арқылы мейіргерлік қызмет моделін жаңғырту.
2-мақсат. Медициналық кадрларды даярлаудың жоғары сапасын және инновациялардың енгізілуін қамтамасыз ету.
Міндеттер:
2.1. Білім беру бағдарламаларын интеграциялау және педагогикалық әлеуетті дамыту.
2.2. Кардиология және кардиохирургия бойынша резидентура базасын дамыту.
3-мақсат. Ғылыми-зерттеу қызметі.
Міндеттер:
3.1. Зерттеу инфрақұрылымы мен ресурстарын дамыту.
3.2. Жарияланымдар және ғылыми даму.
4-мақсат. Қаржылық тұрақтылық және деректерге негізделген басқару.
Міндеттер:
4.1. Қаржылық тұрақтылық.
4.2. Тиімді басқару.
4.3. Адами капитал және корпоративтік мәдениет.
4.4. Шешімдер қабылдау үшін деректерді басқару.
4.5. Инфрақұрылымды кешенді жаңғырту.